1 желтоқсанда қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітовтің алғашқы толық метражды «Қаш» фильмі кинотеатрдан көрсетіледі.
Режиссер фильмнің постерін жариялады.
Сюжет 1930-жылдардағы ұжымдастыру мен жаппай ашаршылық кезін баяндайды. Оқиғаның басты кейіпкері қабір қазушы — Исатай (Еркебұлан Дайыров). Ауыл тұрғындары арасында сенбеу күшейіп, бір үзім нан үшін бір-бірін өлтіруге дайын тұрғанда Исатайға қиын таңдау жасау керек болады. Ал бүкіл ауылдың тағдыры Исатайдың шешіміне байланысты болады.
«ҚАШ» деген алғашқы фильмім 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрында көрсетілімге шығады,
деп жазды режиссер Instagram-аккаунтына.
Фильмге Еркебұлан Дайыров, Оңдасын Бесікбаев, Иісбек Әбілмәжінов, Толғанай Талғат, Александр Паль және Варвара Шмыкова түсті. Қоюшы операторы — Азамат Дулатов.
Айсұлтан Сейітов ірі халықаралық брендтермен жұмыс істеп, 21 Savage, Offset, Travis Scott, Joji, Jah Khalib, L’one, Иван Дорн және басқа да көптеген артиске музыкалық видеолар түсірді. Режиссер бұған дейін «Шақал» қысқаметражды фильмі мен «Харизма» қысқаметражды деректі фильмін түсірген.