3 ұл, 2 қыз. Назарбаевтың некесіз туған балалары

Журналист Гүлжан Ерғалиева Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдері мен балалары туралы тың деректермен бөлісті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гүлжан Ерғалиева әлеуметтік желіде Назарбаевтың 17 жастағы ұлы – Тауман Нұрсұлтанұлына қатысты ақпарат қызу талқыға түскенін айтады. 

Мен Назарбаевты емес, онымен туыс болғаны үшін ғана жауап беретін адамдарды жақтаймын. Кеше қазақ даласын билеп-төстеген басшының заңды мұрагерлері – қыздары, күйеу балалары, немерелері, інілері мен қарындастары ұлттық байлықты жаулап, заңды негізде байыды, қол сұғылмаушылық құқығына ие болып, «заңдағы ұрыларға» айналды. Бірақ Нұрсұлтанның басқа әйелдері мен балалары пайда болған соң олар заңнан тыс қалып, заңды отбасының бәсекелестеріне айналды. Оларға деген өшпенділік туындады,

деп жазды ол.

Гүлжан Ерғалиеваның сөзінше, осындай өшпенділіктің алғашқы құрбаны – Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Айсұлтан Назарбаев. Экс-президенттің үлкен ұлы стюардессадан туған. 

Назарбаев өз ұлын ашық мойындамады, Сарамен ажырасып, Айсұлтанның анасына үйленген жоқ. Бірақ ұлын Дариға мен Рахатқа (ред. Әлиев) берді. Некесіз туған ұлының өмірі қалай аяқталғанын бәріміз білеміз. Нұрсұлтан екі қыз туып берген екінші стюардессаға да үйленген жоқ. Олар қазір тығылып, өздерінің тегін жасыруға мәжбүр. Жалған биография мен мұндай тағдыр оларға не үшін керек?

деп қосты Ерғалиева.

Журналистің сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі атанып кеткен Әсел Құрманбаева академик Есполовтың қызы емес, мұны ойдан шығарған. Академик Есполовтың төрт баласы бар екен, алайда олардың қатарында Әсел жоқ. 

Әселдің шыққан тегін, әкесі мен анасын білемін. Бірақ бұл басқа оқиға. Мәселе жас, әдемі Әселді Назарбаевтың шибөрілері иемденіп алуында. Ал қарапайым отбасы бұған қарсы тұра алмады. Әселдің анасының тегі Құрманбаева, әкесінің тегі бойынша Исабаева. Елбасы сезімінің құрбаны болды. Екі мұрагерді дүниеге әкелген соң балаларымен бірге отбасыдағы таққа таластың ортасына түсті, билікті иелену жоспарында қаруға айналды,

дейді ол.

Журналистің пайымдауынша, Дариға Назарбаева Әсел Құрманбаеваға бәсекелес ретінде қарап, Назарбаевтың “әйеліне” деген өшпенділік сезімі пайда болған.

Назарбаев бұл жолы да Әселге үйленбеген, ал ұлдарын қоғам болып негізсіз балағаттайды. Әсел бұл отбасыдан алшақтап, балаларын халықтың қарғысынан қорғау үшін Назарбаевтан кеткісі келген секілді. Бірақ ешкім бұған жол бермейді. Себебі олар Назарбаевтың меншігі емес пе? Ол да біз секілді «қазақтың тұтқыны», бірақ жағдайы біздікінен 10 есе ауыр. Тіпті Назарбаевтан кеткісі келгені үшін Әселді жындыханаға жатқызып, балаларын тартып алды деген сыбыс бар. Айсұлтанның оқиғасы қайталанып жатыр ма? Сондықтан Әселдің ұлдарын қарғаудың керегі жоқ,

деп түйіндеді журналист.

Бұған дейін желіде Алмасадам Сәтқалиевтің қызы Нұрсұлтан Назарбаевтың некесіз ұлымен кездеседі деген ақпарат тараған. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago