Categories: Саясат

Қайтейік енді. Ұрлық – ұлттық идеямыз болды

Қоғамдық кеңестердің мүшелерін өкілетті органдардың өздері іріктейтін әдетті доғармай, ондай кеңестерден еш пайда болмайды, дейді Еуропалық құқық және адам құқығы жөніндегі сараптау институтының директоры Марат Бәшімов. Атқарушы органдарды қамшылауы тиіс деп құрылатын кеңестердің көбі өз міндетін атқармайды. Өйткені ондай кеңестерде көбіне «керек» адамдар отырып алады да, олар қоғамның талабын тыңдаудың орнына әкімдіктер мен министрліктердің ыңғайына жығылады.

Сондықтан қоғамдық кеңестер туралы заңға мүше қабылдау тәртібі жағынан өзгерістер енгізу керек. Қоғамдық кеңес мүшелерін әкімдік қызметкерлері емес, қоғамның өзі сайлауы тиіс қой? Конкурс жарияласын, халық дауыс берсін. Халық кімдерді қалайды, солар кеңеске кірсін.

Сосын ел азаматтарының белсенділігі өте төмен, қоғамдық институттар енжар. Әкімдік немесе министрліктен бюджетіңді ашып көрсет деп талап еткен біреуді көрдіңіз бе? Ал жемқорлық деген бюджетті жоспарлау кезінде-ақ пайда болып жататынына қоғам зер салмайды. Қоғамдық кеңестер де көрмегендей болады. Нәтижесінде, жемқорлық ұлттық идеяға айналды, халқымыздың көкейін тесетін бар пиғыл-арман – тек ұрлап қалу, жеп қалу.

Дені сау елде халық билікке сенуі тиіс қой? Бірақ біздің халық өз билігіне сенбейді қазір. Біреу мәселесін айтып, шенеунікке жүгінсе, ол шенеунігіміз түк шешпейді, ол да жоғары жақтың шешімін күтеді. Шенділер өз бетінше шешім қабылдауға қабілетсіз.

Ал енді не істеу керек десеңіз, ең алдымен адамның конституциялық құқығы мен еркіндігі қорғалуы тиіс. Заңгер ретінде айтамын. Мемлекет бірінші кезекте адам үшін қызмет етуі тиіс. Конституцияда солай жазылған. Ескі Қазақстанда әділдік, теңдік деген құндылықтар аяққа тапталып келді. Қаңтардан кейін жаңа Қазақстан құратын уақыт келгенін ұқтық. Халықтың қиналған үнін еститін мемлекет құрамыз, әділетті қоғам жасаймыз, өйтеміз-бүйтеміз дестік, бірақ қазір ол бағыттағы жұмыстар тоқтап қалды. Өйткені Парламент демалысқа екі айға бірақ кетті. Депутаттар екі ай мерзім демалады деп Конституцияға бекер жазыппыз. Тым көп оларға екі ай деген. Біздің парламентке бір айлық демалыс та жетеді. Конституцияны өзгерткенде соны ескермей қалғанымыз-ай…

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago