Қазақстандықтар Андорраға визасыз бара алатын болды

Нұр-Сұлтанда ҚР премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Андорра Сыртқы істер министрі Мария Убахпен келіссөздер өткізді.

Бұл Мария Убахтың біздің елге алғашқы ресми сапары. Тараптар Қазақстан мен Андорраның екіжақты ынтымақтастығы тұрақты, үдемелі сипатқа ие және сындарлы, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Ең озық және перспективті бағыт туристік сектор болып табылады. Қазақстан мен Андорра халықаралық құрылымдарда бір-біріне өзара қолдау көрсетеді, Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы мен ЕҚЫҰ ПА алаңдарында парламентаралық байланыстарды дамытады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды, бұл біздің елдеріміз арасындағы бірінші үкіметаралық келісім болды.

Андорра князьдігі — теңізге шыға алмайтын және ЕО-ға кірмейтін Еуропаның ергежейлі мемлекеттерінің бірі. Ол Франция мен Испания арасындағы Шығыс Пиренейінде орналасқан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago