Алматыда «Қалқаман» метро станциясының құрылысы басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Наурызбай ауданы әкімі Санжар Тоғай мәлімдеді.
Бекет Абай даңғылы бойымен Яссауи көшесінен батысқа қарай Әшімов көшесінің қиылысына дейін орналасады. Құрылыс 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Informburo.kz сайты жазды.
Санжар Тоғайдың айтуынша, көпқабатты тұрғын үйлердің қарқынды салынуына орай алдағы 5 жылда аудан тұрғындарының саны 150 мыңға жуық адамға артады.
Осыған байланысты Алатау көшесінің бойындағы метро бағыты өзгертілді — Абай даңғылы, Әшімов көшесінің қиылысындағы метродан «Барлық» базары ауданындағы станцияға дейін. Қазір «Қалқаман» бекеті салынып жатыр. Метро Абай даңғылының бойымен батыс бағыттағы Яссауи көшесінен Әшімов көшесімен қиылысына дейін созылады. Жоспарлы аяқтау мерзімі – 2025 жыл,
деді Наурызбай ауданының әкімі.
Әкім 2026 жылға қарай ауданда ұзындығы 5,2 шақырым болатын үш бекет салынатынын да айтты. Қазір техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеудің конкурстық процедуралары жүріп жатыр.