Қазақстандағы лотерея: популизм мен шындық

Қазақстанда лотерея терминалдарына тыйым салуды талап ететін популистік жазбалар мен ұрандар жиілеуде. Бірақ тыйым салып тастасақ, оның да кез-келген бизнес сияқты көлеңкеге кетіп қалатыны анық.

«Ешкім арақ-темекі сатып алмаса, салық түспейді. Демек, мемлекеттің қамын ойлайтындар ғана ішеді-шегеді», деп блогер Айдос Жұқанұлы қалжыңдағандай, тыйым салудың салдары неге әкелетінін тарих талай рет көрсеткен.

Ұлы Қытай қорғаны лотереядан түскен ақшаға салынған. Ежелгі Римде лотереяның ақшасына жолдар мен көпірлер, күні бүгінге дейін жеткен кей ғимараттар салынған. Заңды түрде ұйымдастырылған лотерея кез-келген мемлекеттің экономикасында маңызды рөл ойнайды.

Мұсылман елдерінің көбінде лотерея сынды ойындарға қатаң тыйым салынған. Тіпті кейбір елдерде лотерея ойнайтын тұрғындар алты айға дейін қамалуы мүмкін. Десек те халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанса да лотерея ойнауға шектеу қоймайтын мемлекеттері бар. Түркия, Әзербайжан, Египет пен Алжир, Малайзия мен БАӘ-де лотерея ойынына шектеу қойылмайды: тек лотерея ұйымдастырушылары міндетті түрде лицензия алып, тіркеуден өтуі қажет.

Қазақстан аумағында лотереяны бірегей оператор «Сәтті Жұлдыз» АҚ ғана ұйымдастыра алады. Бүгінде ол лотереяның 32 түрін ойнатады, олардың 24-і жедел, ал 8-і тираждық лотерея. Лотерея операторының келісімшарты бойынша республика аумағында үш мыңнан астам мекеме жұмыс істейді.

Қазақстандағы ұлттық лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» компаниясы 2022 жылы отандық спортты дамытуға 3,6 млрд теңге, «Қазақстан халқына» қорына 101 млн теңге бөліп, ел бюджетіне салық түрінде 5,8 млрд теңге салды.

Лото терминалдарынан бұрын Қазақстанда ең көп ойналатын лотереяның түрі – кәдімгі қолма қол, ұтысы лезде төленетін лотерея екен. Ұту мүмкіндігі жоғары емес десек те, лотереяда әділдік бар. Лездік лотерея билеттері Англияның Лидс қаласында құпиясы күзетіліп басылатындықтан, лотерея операторы ұтыс жағына араласа алмайды.

Қазақстанда лотерея билеттерінің бағасы арзан, 250 теңгеден басталып, ең қымбат дегені 3000 теңгеден аспайды. Билеттерден шығуы мүмкін ұтыс көлемі 500 теңгеден бастап 10 млн теңгеге дейін.

Қазақстанда лотереяның жүлдеге бөлінетін қоры орта есеппен 60% деседі. Алайда 60% көп емес. Мәселен Еуропаның кей елдерінде жүлде қоры тіпті 80%-дан жоғары. Бірақ біздің елімізде ұтыс қорын тура сондай деңгейге дейін көтеріп тастаса, оның теріс салдары шығады – елде ойынқұмарлар көбеюі мүмкін. Сол себепті Қазақстанның ұлттық лотерея операторы ондай қадамға бармайды деп үміттенуіміз керек.

Енді ең қызығын айтайық, біздің елімізде лотереядан ірі көлемде ақша ұтқандардың 90 пайызы түрін жасырып, суретке түсуден бас тартады екен. Басқа елдерде ешкім ұтқанын жасырмай, қайта қуана-қуана суретке түседі. Сөйтсек, біздің жеңімпаздар «туысқандарым білмесін», «таныстарым ертең ақша сұрамасын» деген оймен аты-жөні мен түрін жасыратын болып шықты.

Қосымша құн салығын қоса санағанда, қазақстандықтар былтыр жалпы сомасы 268 млрд теңгеге лотерея өнімдерін сатып алыпты. «Қолы шыққандарға» төленген ұтыс мөлшері 230 млрд теңге. Қазақстандағы лотерея бизнесінің ресми деректері әзірге осындай.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago