Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Қала мен ауылдағы өмір сапасы стандарттары қайта қаралды
Саясат

Қала мен ауылдағы өмір сапасы стандарттары қайта қаралды

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 25.07.2023
Обновлено 25.07.2023 в 11:07
Поделиться
Поделиться

ҚР Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) елді мекендерді әлеуметтік нысандармен және қызметтермен қамтамасыз етудің өңірлік стандарттар жүйесін (ӨСЖ) қайта қарады. Өңірлердегі өмір сүру сапасын жақсарту және халықтың шағын ауылдар мен қалалардан мегаполистерге және облыс орталықтарына кетуін азайту үшін жүйеге бірнеше маңызды өзгерістер енгізілді. Біріншіден, әрбір ауыл мен қалада болуы тиіс мекемелер мен қызметтердің тізімі ұлғайтылды. Екіншіден, өмір сүру сапасын бағалау критерийлерінің өзі өзгертілді. Енді белгілі бір нысандардың болуы ғана емес, олардың техникалық жағдайы да маңызды. Мысалы, ауылда мектеп болғанымен, ол ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген және апатты жағдайда болса, елді мекен ӨСЖ бойынша жоғары баға алмайды.

ӨСЖ жүйесі не үшін қажет? Мемлекеттік органдар үшін ӨСЖ жалпыға ортақ белгі, шенеуніктер даму бағдарламаларын әзірлеу және бюджетті бөлу кезінде басшылыққа алатын стандарт. Стратегиялық мақсат — әрбір ауылда халықтың қалыпты жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ету. Су тасымау, ұялы телефонның сигналын ұстау үшін төбеге шықпау, мектептерде балалардың басына сылақтың құламауы, ең жақын дәріхана 200 км жерде болмау секілді шарттар.

Елді мекендердің әрбір түрі үшін негізгі стандарттар тізімі әзірленді. Мысалы, ауылдарда қалыпты өмір сүруге қажетті кемінде 20 әлеуметтік нысан мен қызмет қажет, балабақша, мектеп (немесе оған қатынауға көлік), аурухана, пошта бөлімшесі, мәдени-сауықтыру кешені болуы керек. Ауыл тұрғындарының қалыпты ауылішілік жолдарға, су құбырына, кең жолақты интернетке, ұялы байланысқа құқығы бар. Тірек ауылдар мен ауылдық округтердің орталықтарында бұл тізімге кәсіпкерлікті қолдау орталығы, ветеринарлық пункт, халыққа қызмет көрсету және өзіне өзі қызмет көрсету орталықтары қосылады.

Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда кемінде 41 міндетті нысан мен қызмет болуы тиіс. Мектептен, ауруханадан, әуежайдан, дәріханадан басқа, әрбір облыс орталығы мен мегаполисте қалдықтарды өңдеу кешені, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинайтын контейнер, зоологиялық және ботаникалық саябақ, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары болуы керек. Міндетті стандарттар санының бұрынғы ӨСЖ әдістемесімен салыстырғанда өзгеруі кестеде көрсетілген.

Бұрынғы ӨСЖ жүйесі төрт жыл бұрын әзірленіп, оның нормалары бойынша ҚР қалалары мен ауылдарын өркениет игілігімен қамтамасыз етудің орташа деңгейі 2021 жылы 64,1%-ды құрады. Қайта бағалаудан кейін бұл көрсеткіш 55,7%-ға дейін төмендеді. 55,7% деңгейі барлық өңірлердегі барлық қалалық және ауылдық елді мекендер бойынша орташа көрсеткіш екенін атап өтейік. Расында, қала мен ауыл арасында абаттандыру, әлеуметтік игіліктер бойынша үлкен алшақтық бар. Көрсеткіштер айтарлықтай ерекшеленеді: сәйкесінше 87% және 55,3%. Өмір сапасының өңірлік диспропорциясы қағаз жүзінде ғана емес, барлық дерлік өңірлере байқалады. Қала мен ауылдағы өмір сүру жағдайларының ең үлкен айырмашылығы Шығыс Қазақстан (91,3% және 50,4%), Атырау (82,5% және 44%) және Ұлытау (86,7% және 38,1%) облыстарында.

Ақтөбе облысында жағдай ерекше, мұнда ауылдық жерлерде әлеуметтік игіліктер қалаларға қарағанда жоғары: тиісінше 86,8% және 73,5%. Мәжілісте өткен жиында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жаңа жүйесін жариялаған кезде Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантыров бұл ерекшелікті былай түсіндірді: облыста халқының саны 3 мың адамға да жетпейтін бірнеше қала бар. Мысалы, Темір, Жем. Бірақ шын мәнінде ауылға жататын бұл қалалар өздерінің қалалық стандарттарына сәйкес келмейді. Тағы бір маңызды фактор — батыс өңірлердегі ауылдарда өмір, мысалы, шығыс немесе солтүстікке қарағанда, кейбір жағынан, шын мәнінде жақсы жабдықталған. Мысалы, газдандыру коэффициентін алайық, ол бірден бірнеше коммуналдық мәселелерді шешеді — жылу, ыстық сумен жабдықтау және тамақ дайындау кезінде электр энергиясын үнемдеуге көп көмек.

Жалпы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, 6,3 мың ауылдың ішінде жалпы саны 3,2 млн халқы бар 786 ауылдың ғана өркениеттің негізгі игілігімен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары — 80%-дан астамы. Ауылдардың жартысына жуығы (3,6 млн халқы бар 2,8 мыңға жуық ауыл) жағдайы орташа: 50%-дан 80%-ға дейін. Тағы осыншалықты ауылдың өмір сүру деңгейі өте төмен, оларда қажетті әлеуметтік игіліктердің 50%-ы да жоқ. Бұл әдетте халқы аз ауылдар. Мұндай 2,7 мың ауылда барлығы 700 мыңнан сәл астам қазақстандық тұрады.

Қалалар арасында Астананың көрсеткіштерінің төмендігі таң қаларлық. Онда міндетті қызметтер мен әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету бар болғаны 75,1%. Бұл тек мегаполистердің стандарттарының кеңейтілген тізімі туралы ғана емес. Елорда өзінің жоғары мәртебесіне қарамастан, басқалармен қатар, бақылаусыз урбанизациямен байланысты көптеген инфрақұрылымдық проблемаларға ие. Мысалы, астаналықтарға қаншама қолайсыздықтар туғызатын судың жоқтығын алайық. 

Жаңа ӨСЖ стандарттарымен жұмыс істеу барысында тиісті министрлік мамандары қалалар мен ауылдардың өркениеттің негізгі игіліктерімен жалпы қалай қамтамасыз етілгенін қарастырды. Көп мәселеде жағдай мәз еме екені белгілі болды. Мысалы, елді мекендерді орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету деңгейі ҚР-да орта есеппен небәрі 32,5%, кәріз жүйесімен — 50,7%, орталықтандырылған жылумен — 48,2%. Көлік инфрақұрылымының жағдайы мәз емес: қалаішілік, ауылішілік жолдармен қамтамасыз ету — 75,8%, жолдарды жарықтандыру — 44,8%.

Ауылдық денсаулық сақтауда мәселе ауруханалардың қолжетімділігі мен медициналық көмектің сапасында ғана емес, сонымен қатар дәріханалардың жоқтығында. Республика бойынша дәріхана пунктімен қамтамасыз ету деңгейі орта есеппен 31,6%. Осы мәселе бойынша үкімет сағатында сөз алған мәжіліс депутаттары оның себебін анықтады: ауылдағы дәріхана — тиімсіз кәсіп. Өйткені кәсіпкер дәрі-дәрмек бағасын реттеу жағдайында тиімсіз саналатын логистикаға қосымша шығындарды көтеруі керек. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәріханаларды ұйымдастыру талаптарын күшейтіп отыр, бұл бизнес тарапынан қосымша шығындарға әкеп соғады.

Мемлекеттік органдардың бағалауы аясында қазақстандықтардың өздері қалалар мен ауылдардағы өмір сапасы туралы не ойлайтыны қызық. Былтыр ҚР Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары өңірлік теңсіздікке зерттеу жүргізген еді. 140 қала мен ауылда 4 мыңнан астам қазақстандыққа сауалнама жүргізіп, респонденттердің пікірінше, инфрақұрылым орташа деңгейде деген қорытындыға келді. Ауыл тұрғындарының берген бағасы қала тұрғындарына қарағанда төмен.

Сауалнамаға қатысушылар ең төмен бағаны жолдардың жағдайы мен сапасына берді: төрт балдық жүйе бойынша — 2,5 және 2,3 балл (қалалық/ауылдық). Қоғамдық көліктерге де көп сын айтылды. Институт сарапшылары жоғары баға негізінен үйлердегі негізгі инженерлік коммуникациялармен — электрмен, сумен және жылумен қамтамасыз етуге қатысты екенін айтты.

ҰЭМ мәліметінше, өңірлік стандарттар жүйесі қазірдің өзінде негізгі стратегиялық құжаттарға — өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарына және 2023–2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасына енгізілген. Қыркүйек айында жаңа бюджеттік кодексті талқылау кезінде ӨСЖ жүйесін өңірлердің жалпы трансферттері мен инвестициялық жоспарларын қалыптастыруда міндетті есепке алу факторына айналдыру жоспарланғаны белгілі. ҰЭМ мәліметінше, алдағы екі жылда барлық орталық мемлекеттік органдарға өңірлерді дамытуға 3,2 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферттер қарастырылған.

ТЕГи: Қазақстан, Экономика
Арман Ерғалиев 25.07.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?