Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қалам ұстаған «киллерлер»: Жаңаөзендік мұнайшыларды қаралаудың құны қанша?
Қоғам

Қалам ұстаған «киллерлер»: Жаңаөзендік мұнайшыларды қаралаудың құны қанша?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 17.04.2023
Обновлено 17.04.2023 в 05:04
Поделиться
Фото: masa.media
Поделиться

Әлеуметтік желіде жаңаөзендік мұнайшыларды қаралу науқаны жүріп жатыр, деп жазды Masa media.

Соңғы күндері әлеуметтік желіде Астанаға жұмыс талап етіп барған жаңаөзендік мұнайшыларды қаралайтын жазбалар легі көбейді. Түрлі салада жұмыс істейтін журналист, блогерлер мұнайшыларға бағыттап, мағынасы жағынан бір-біріне ұқсайтын жазбалар жариялады. Бұнымен қоса, желіде бұл посттардың тапсырыспен, 100-200 мың теңгеге жазылып жатқаны жөнінде де айтылды.

Атап айтқанда, пиар маманы Айбар Олжай, журналист, блогерлер – Диас Нұрақын, Жарас Кемелжан, Ербол Мәндібек, Думан Бықай, Қазбек Майгелдинов, Мадина Сарбалаева, Полина Шиманская, Жанна Ильичева, Жанна Ахметова, Нұр Қанатұлы, Ілияс Мыңжасаров және Тимур Асылхановтар (бұл жазба авторларының бір бөлігі ғана – ред) жаңаөзендік мұнайшыларды халық алдында жағымсыз образда көрсететін посттар жариялады. Кейбірі кейіннен жазбаларын өшіріп тастады. Айбар Олжай 16 сәуірде саяси пиар бойынша келісім шарты аяқталғанын, оны ары қарай созбайтынын айтты. Ол бұны «жаман бизнес» деп атады.

Жаңаөзендік мұнайшыларды қаралау посттары жиілеген тұста журналист Күлтегін Аспанұлы Facebook желісінде Астанада тұратын танысына 100-200 мың теңгеге тапсырыс түскенін айтты. Оның сөзінше, жаңаөзендік мұнайшыларды қаралау постының құны 100-200 мың теңге болған. Ол дәлел ретінде чат скринін жариялады.

Masa Media осыған байланысты Күлтегін Аспанұлымен тілдесіп көрді. Оның сөзінше, журналист-блогерлердің тапсырысқа пост жазғаны жөнінде нақты дәлел жоқ. Бірақ астаналық инсайдерінің сөзіне сенеді және жазбалардың мағынасы бір-біріне ұқсас болуы сенімін одан ары қуаттаған.

Жалдамалы, антижаңаөзеншіл «жазғышбектердің» ақша алып жатқанын, банк шоттарына ақша аударылып жатқанын ешкім көріп, ұстап алған жоқ. Бірақ оған тұспалдап, меңзейтін аргументтер жеткілікті. Дәл осындай жалдамалы «жазғышбектер» журналистер арасында өте көп. Бұндай науқан бірінші рет болып отырған жоқ. Атом электр станциясын салу, Қытай зауыттарына қатысты қоғамдық резонанс туғызған мәселелер көтерілген кезде де дәл осындай науқан болған. Ол кезде де билікке жағымды жазбалар көбейген.

Менің Астанада тұратын әріптесім жекеме шығып, жаңаөзендік мұнайшыларды қаралау постын жазуға өзіне үкіметтік деңгейде 200 мың теңге ұсыныс жасалғанын айтты. Бірақ өзінің атын атамауды өтінді. Мен сол жазбаның скринін жарияладым. Жалпы, жазылып жатқан жазбалардың барлығының аргументі ұқсас. Ол жерде «Неге жаңаөзендік мұнайшылар 700 мың теңгелік айлықты қанағат тұтпайды?», «Олардың барлығы Түркіменстан мен Өзбекстаннан келген қандастар» деген аргумент айтады.

Жаңаөзендік мұнайшылар 10 сәуірде Астанаға жұмыс талап етіп барып, энергетика министрлігі алдына бір күн түнеген. 11 сәуірде наразылар «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниясының өкілдерімен кездесіп, келісімге келе алмаған. Кейіннен арнайы жасақ оларды ұстаған. Сол күні Жаңаөзен, Ақтау, Орал қалаларында белсенділер митингке шығып, мұнайшыларды босатуды талап еткен. Осыдан соң Астанаға барған мұнайшылардың бір бөлігі Жаңаөзенге қайтқан.

Жалпы, Қазақстанда қоғамдық резонанс туғызатын қандай да бір оқиға болатын болса, әлеуметтік желіде билікті жақтайтын бір сарынды жазбалар көбейеді. Азаматтық қоғам өкілдері мен тәуелсіз журналистер бұл жазбалардың барлығы биліктің тапсырысымен жазылып жатқанын жиі айтады.

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Қазақстан
Сая Манарбековна 17.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?