Ғаламшардағы ең қарт әжей, француз монахы Люсиль Рэндон 118 жасында қайтыс болды.
18 қаңтарда Люсиль Рэндон соңғы 14 жыл тұрған қарттар үйінде ұйықтап жатқан кезінде қайтыс болды. Бұл туралы DW хабарлады.
Люсиль Рендон екі дүниежүзілік соғысын көрген. Майдан заманында ол балаларды қорғаған.
Оған қоса ол «испан» тұмауы және коронавирус сияқты екі эпидемия толқынын бастан өткеріп, аман қалған.
Люсиль Рэндон 28 жыл ауруханада жұмыс істеді. 41 жасқа келгенде монах болуды шешті. 108 жасына дейін ол монастырьда қызмет етті.