Жас жігіт өзі заңгер, таныстырған өтірік қызметі тендердің маманы.
Қарағандыда 23 жастағы заңгер өзін жеке кәсіпкер ретінде таныстырып, компьютерлік техниканы сатып алу бойынша тиімді тендерлер туралы ақпарат таратқан. Ол кәсіпкерге қомақты пайданы үәде етіп, еліктіретін ұсыныс жасады. Бірақ ақшаны оның банктік шотына аудару шартымен.
Осыдан кейін Қарағанды тұрғыны ер адамның банк шотына 41 миллион 500 мың теңге аударған. Ақшаны алған ер адам жоғалып кетті.
Белгілі болғандай, 23 жасар заңгер ұрлаған ақшасын букмекерлік кеңседе ставка қойып ұтылып қалыпты.
Полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас 12 фактіге қатыстылығын анықтады.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 86 млн 400 мың теңгені құрады.