Албания билігі мемлекеттің компьютерлік жүйелеріне жасалған кибершабуылға Тегеранды кінәлі санап, қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы бүгін премьер-министр Эди Рама мәлімдеді.
Министрлер кеңесі Иран Ислам Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдады,
деді премьер-министр.
Бұның алдында американдық Mandiant киберқауіпсіздік компаниясы толық сеніммен шабуылдың қасақана жасалғанын мәлімдеді. Иранның мүдделерін қолдау мақсатында жасалған шабуыл деген қорытындыға келді.
Шабуыл Манез қаласында ұйымдастырылған конференция басталғанға дейін бірнеше күн бұрын орын алған. Оған қуғынға ұшыраған ирандық оппозициялық «Моджахедтер-э-Халк» тобының (ҚР-да тыйым салынған) мүшелері қатысқанын атап өтті. Кейіннен іс-шара террористік қауіп туралы ескертулерге байланысты кейінге қалдырылды.
Сонымен қатар Иран елшілігінде жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге 24 сағат ішінде елден кетуі керектігі туралы ресми хабарлама жіберілген.