«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 ақпан — 1 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райына Атлантикалық циклон ықпал етеді. Қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боранмен қатты жауын-шашын болады. Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан — 1 наурыз аралығында елдің шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі. Күндіз Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында термометрлер 3-5 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылынады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 0-10 градусқа дейін біртіндеп төмендейді,
делінген хабарламада.