Categories: Маңызды

Алдағы күндері елімізде қатты аяз болады — синоптиктер

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, алдағы күнде Қазақстанның кейбір аумағында қатты аяз болады.

Түнде өте қатты аяз жүреді, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында (30-33 градус), Қарағанды, Ұлытау облыстарының шығысында өте қатты аяз болады (-40 градус),  Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында да қатты аяз сақталады (20-24 градус), ал Жамбыл облысында ауа температурасы 30-33 градус төңірегінде сақталады,

делінген хабарламада.

Болжам бойынша республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде қар жауады, аздаған боранмен жел күшейеді, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Синоптиктер 12 қаңтарда Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін де айтты:

  • Астанада ала бұлтты, кей жерлерде аздаған қар жауады, үсік жүреді. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 27-29, күндіз 17-19 аяз;
  • Алматыда – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 15-17 аяз сақталады;
  • Шымкентте – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 10-12 аяз болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда 2023 жылдың 12-13 қаңтарында мектеп оқушылары мен студенттері — 0, 1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтықтан оқуға ауыстырылады. Қалалық білім бөлімі мұны ауа райының қолайсыздығымен байланысты деп түсіндірді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago