Categories: Экономика

Бағаның өсуімен бұлай күресуге болмайды – экономист

Баға – өнімнің жалпы, жиынтық құнының көрсеткіші. Бағаның ішіне сатушының сату ниеті, заттың өзіндік құны мен өндірушінің табысы, сатушының күтетін нәтижесі мен кез-келген қиялы кіреді.

Екінші жағынан, баға – сатып алушының сұранысы мен мүмкіндігін, сатып алатын затының болашақтағы құны жайындағы ойы мен қиялын білдіреді.

Осының бәрі айналып келгенде бағаға тіреледі.

Экономист Айдархан Құсайыновтың пікірінше, бағалардың өсуімен күресу – мәнсіз, түбі түк әпермейтін тірлік.

«Халық наразы болмасын, олар көшеге шықпас үшін» деп қана бағаны «тағайындап» қоюға болмайды,

дейді ол.

Баға – адамның температурасы сияқты. Егер ол көтеріле бастаса, онда ағзада бір ақаулық бар деген сөз. Ендеше алдымен әлгі ақаулықты табу керек. Науқас ыстығын басу үшін дәрі ішеді, бас салып маңдайына мұз баспайды.

Біздің биліктің базарларға барып, өзі бекіткен бағаларды бақылауы, ірі сауда орындарына айналымға деп жеңілдікпен кредит бөлуі, тұрақтандыру қорларын пайдалануы – науқастың әрбір ыстық жеріне жанталасып мұз басатын дәрігердің ісіне ұқсайды. Мұздың рөлін бюджет ақшасы мен тұрақтандыру қорлары ойнайды.

Ыстық одан сайын көтеріле береді, әлгі дәрігер «мұзды тезірек әкел» деп медбикелерге бақырады, мұз жетіспегені үшін техниктерді жұмыстан шығарады. Қосымша мұздатқыштар үшін тағы бюджет сұрайды, қысқасы, науқасты мұзбен толық қатырып қоюды армандайды. Бірақ науқас сонда да қимылдап, жұмысқа барып-келуі қажет. Мұндай дәрігерлер науқасты өлтіріп тынады, өйткені оның барлық әрекеті теріс, дейді ол.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago