«Қазгидромет» мамандары 31 қаңтар мен 1,2 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болып, соған байланысты аязды ауа райы сақталады, бірақ жауын-шашын жаумайды.
Елдің оңтүстік жартысында ауа райы жауын-шашын өтетін оңтүстік циклонмен анықталады. 2 ақпанда жауын-шашын болып, ауа температурасы 5-12 градусқа дейін жылиды,
делінген хабарламада.