Categories: Галерея

Алла Пугачева Ресейден кеткен жұлдыздарды Тель-Авивте жинады

Қыркүйектің соңғы күндерінде Алла Пугачева Ресейден шетелге, атап айтқанда Израильге кетіп қалды. Әлеуметтік желідегі жазбаларына қарағанда Отанына әзір оралмайтын сияқты. Ал Тель-Авив эмиграциядағы орыс эстрадасының орталығы мәртебесіне ие болып жатқандай. Бұған Примадоннаның да әсері бар.

Жақында жұлдыз әнші Zivert-тің концертіне барып, шоуын жоғары бағалап қайтты. Концерт аяқталғаннан кейін ол әншімен кездесу үшін сахна артына көтерілген. Сол жерде ресейлік шоу-бизнестің басқа да өкілдерін кездестіріп, барлығы мейрамханаға барып Отанға деген сағыныштарын басқан.

Жиналғандар арасында Алла Пугачева, Михаил Шац, Максим Виторган, Илья Прусикин, Софья Таюрская, Семен Слепаков және Нойз МС бар.

Михаил Шатц бұл жағымды тосын сый болғанын атап өтті:

Біріншіден, бұл әдемі. Екіншіден, күтпеген жерден, үшіншіден, сүйсіндірмей қоймайды.

Бұл атақты адамдардың барлығы ақпанның соңында басталған арнайы әскери операция басталғаннан кейін Ресейден кетіп қалғандар. Шоу-бизнестің көптеген өкілдері Ресей билігінің әрекеттерін ашық сынға алды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago