Нәрестесімен такси жүргізген әйелге Астанадан пәтер сыйға беріледі

5 айлық нәрестесін көлігіне салып алып, таксиші болып нан тауып жүрген жалғызбасты анаға баспана берілетін болды.

«Біз біргеміз» қоғамдық қорының басшысы Перизат Қайрат Tengri Lifestyle редакциясына берген сұхбатында астаналық әйел туралы роликті көргеннен кейін құрылыс компанияларымен байланысқанын айтты.

Біз Ақтөбеден келген меценат Мөлдір Сүйіншалимен байланысқа шықтық. Ол Астана қаласында жеке үйлердің құрылысымен айналысады. Бір ай бұрын ол қорға жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерді өткізді. Мен әлеуметтік желілердегі Әселдің видеосын көріп, Мөлдірге хабарластым. Пәтерді Әселге сыйға беруді ұсындым. Ол келісті, мен бірден Әселге бардым,

деді ол.

Пәтер Әселге желтоқсан айында ресми түрде беріледі. Бұл қуанышты жаңалықпен журналист Мұхтар Өміртай да бөлісті.

Тамаша жаңалық! Әсел ханым баспаналы болатын болды. Мұның бәрі көпшіліктің арқасы. Қолынан іс келетін үлкен азаматтарға, Әсел ханымның жағдайын жеткізіп, жан-жаққа таратып бөліскен сіздерге үлкен рахмет. Өзім үй алған секілді қуанып отырмын,

деді журналист Instagram-ға жүктеген видеода.

Таксиші ана қуанышын жасыра алмай, эмоциясымен бөлісті.

Қандай бақыт, әлі де сене аймай жүрмін. Рақмет. Балалармен үйлердің кіреберістерінде түнеген кездерім де болды. Күндіз пәтер іздейтінмін. Бірақ балалы болғаннан кейін ешкім маған үйін жалға бергісі келмейтін. Алғысым шексіз,

деді Әсел.

Бұдан бұрын емізулі сәбиін алдына алып таксист боп жүрген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Халық жанашырлық танытып, жас келіншекке қомақты қаржы жинап берген. Санаулы күн ішінде 1,7 миллион теңге жиналды.

Көптің аяушылық сезімін оятқан әйелдің есімі — Әсел. Қолындағы сәбиінен бөлек 12 жасар ұлы бар екен. Емізулі нәрестенің есімі — Медина. Келіншектің айтуынша, ол қызы 3 айлық кезінен бастап таксиші боп нәпақа тауып жүр. Жалғызбасты ана балаларымен жатақханада бөлме жалдап тұрады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago