29 қарашада «Алматы-2» теміржол вокзалы ғимаратында өрт болды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, вокзал ғимаратындағы төбенің өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 14:08-де түскен. Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ.
100 шаршы метр алаңда вокзалдың бас ғимаратының шатырды жабуға арналған ағаш қаптамасы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шықты, зардап шеккендер жоқ,
деді ТЖМ баспасөз қызметі.