Қоғам

Алматыға оқуға келіп, жатақханасыз далада қалған студенттердің видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Алматыға білім іздеп келген студенттердің қазіргі мүшкіл жағдайы сөз болып жатыр. Олар жатақанасыз, пәтерсіз қалып бірі далада, бірі көлікте түнеп жүр.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Қ.Ж.Тоқаев 2025 жылға дейін кемінде 90 мың жатақхана орны салынуы тиіс деп айтқан.

Биыл 23 686 студентке жатақханада орын жетпей қалды. Ал жатақханаға орналасқан студенттердің кейбірі жатын орын жағдайына, бағасына көңілдері толмайды. Үйді жалға алған студенттер пәтер бағасының қымбат екенін айтады, деп жазды Тіл кеспек жоқ арнасы.

Көп балалы отбасы санатына жататын Альбина Серікова биыл жатақханада орын болады деп сеніп келген. Пәтер де қарастырмаған. Шілде айында университет басқармасынан желтоқсанға дейін жаңа жатақхана салынып, ал ескісіне әзірше бірінші курс студенттерін орналастырамыз деп уәде еткен екен. Ал заң бойынша жатақхана әуелі көп балалаы отбасы санатына жататындарға, мүгедектігі бар балалаларға, қамқоршысынан айырылғандарға берілуі керек. Нәтижесінде, уәде де жоқ, жатақхана да жоқ.

Енді бұл студент қазір Алматыдағы Ақсай 3 ауданында 250 мыңға 5 қыз болып пәтер жалдауға мәжбүр. Үйдің жағдайы да оңып тұрған жоқ. Ал университетке дейінгі жол 21 аялдама. Бір сағатта әзер жетеді. Ал таксимен жүру үшін күн сайын кемінде 3000 теңгеден жоғары ақша төлеу керек.

Министр жатақханаларды реттеп, дезинфекциялауды тапсырған. Көріп отырғанымыздай, жатақханалар әлі дайын емес.

Біреулер 864 мың оқуға төлеп жүрсе, СДУ студенттері жатақханада тұру үшін 864 мың төлеп жүр.

Мұны екі семестрге 432 мыңнан бөлеп төлеуге болады. Депозит – 15 000 теңге. Бір семестр тұрған студент, екінші семестр тұруға міндетті.

Әрине, бұл бизнес. Себебі аталмыш жатақхана жекеменшік компанияға тиесілі. Талапкерлердің тығырыққа тірелген жағдайын пайдаланып отырғаны бұл. Баға жыл сайын өсіп отырса да, ішіндегі жағдай сол қалпы. Мысалы күніне үш уақыт емес, бір мезгіл тамақ береді.

Ал басшылар бағаның қымбаттауын инфляциямен байланыстырып отыр.

Тұру ақысының қымбаттауы азық-түлік, клининг, медицина, күзет қызметінің бағасының өсуіне байланысты. Онымен қоса сантехник, электриктарға жөндеу жұмыстары үшін төленетіні бар. 864 мыңды 9 айға бөлгенде қолжетімді сомма шығып тұр деп ақталғандары-мыс. Пәтер жалдау бұдан да қымбат екенін айтып, өздерінің дұрыс жасап отырғанын алға тартып отыр.

Қазақ Ұлттық Абай университетінде де 150 –жуық студентке жатақханадан орын жетпей қалған. Бағасы жылына 120 000 теңге.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago