Алматы жылыту маусымына дайын. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Қала әкімінің хабарлауынша, қаланың коммуналдық қызметтері жылыту маусымына дайындықты биыл мамыр айынан бастап бастаған. Барлығы 413 білім беру нысаны, 129 денсаулық сақтау нысаны және 8 476 тұрғын үй қорының нысаны дайындалды.
«АлматыТеплоКоммунЭнерго» ЖШС қазандықтарындағы көмір және мазут қоры 100% жеткілікті. «АлЭС» АҚ (ЖЭО-1,2, БТК) энергия көздерінде көмір — 118%, ал мазут қоры — 118%.
Қалаға жылу бес тәулік бойы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +8°С және одан төмен болғанда беріледі,
делінген хабарламада.
Бірінші кезекте денсаулық сақтау, білім беру ғимараттарына және өзге де әлеуметтік нысандар ғажылу беріледі. Содан кейін жылу көппәтерлі тұрғын үйлерге беріледі.