Президент Алматы облысына сапары кезінде Алматының алмасы ұлттық брендке айналуы мүмкін екенін айтты.
«Алматы алмасы бүкіл әлемге танымал ұлттық брендке айналуы мүмкін. Өңір алма ғана емес басқа да бау-бақша және жеміс-жидек дақылдарымен танымал. Бұл бағыт дұрыс дамыса, өңір бүкіл Қазақстанды қамтамасыз ететін болады. Тіпті экспортқа шығып ұлттық брендке айналуы мүмкін.
— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оған қоса мемлекет басшысы Қонаевтың Алматыға жақын орналасуы азық-түлік пен ауыл шаруышылғын дамыту үшін қолайлы екенін жеткізді.
Бүгінде менің тапсырмам бойынша мегаполистің айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жобаның сәтті жүзеге асуы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына ықпал етеді
— деді президент.