Алматы әкімдігінің хабарлауынша, үш қабатты ғимаратқа “КУСА Халык” ЖШС иелік етеді.
Жалға алушы компания – “ALA Hostel” компаниясымен биыл 21 қыркүйекте жалға алу туралы келісім жасалған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Құжат бойынша, жер телімін дүкен ашуға және қызмет көрсету бойынша пайдалануға болады. Аталған нысан 1,5 ай бұрын хостелге айналдырылған. Хостелдің аумағы – 457 шаршы метр.
Заң бойынша, ғимаратты қайта жабдықтау үшін рұқсат алу керек. Ал әкімдік компанияның ондай рұқсаты болмағанын айтады.
Жер телімінің “функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауы қажет” дейді әкімдік өкілдері.
Хостелді жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады,
деп жазылған хабарламада.