Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында ауданда үнемі су басатын 12 учаске бар екенін айтты.
Оның айтуынша, Әйтеке би көшесінің Назарбаев даңғылы, Абылайхан даңғылы және Панфилов көшесімен қиылысындағы, сонымен қатар Масаншы көшесінің Мақатаев көшесімен қиылысындағы учаскелер коллекторға қосылды.
Жыл соңына дейін Мақатаев көшесінің бойындағы жалпы ұзындығы 3,6 километр коллектор қалпына келтіріледі. Райымбек даңғылының бойынан қосымша 2,3 километр жаңа арық желісі мен 1,6 километр канал саламыз,
— деді ол
Алматы әкімінің айтуынша, осы айда әкімдік 52 учаскеде 34 километр арық желісін реконструкциялауды және салуды бастайды. 2024 жылдың соңына дейін жұмыс аяқтау жоспарланып отыр.