Қарағайлы шағын ауданындағы «Французский дом» тұрғын үй кешені рұқсатсыз салынып жатыр. Бұл туралы Алматы құрылысын бақылау департаменті хабарлады.
Құрылыс жұмысына және пәтерлерді сату бойынша алдын ала келісім-шарттар жасауға тыйым салу арызы сотқа жолданды.

Соған қарамастан түрлі сайт әлі күнге дейін «Французский дом» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді ипотеканы қосқанда шаршы метрі 300 000 теңгеден сатып алуды ұсынып отыр. Сол себепті әкімдік қазақстандықтарға сатып алмауға ескерту жасады.
Басқарма +7 (727) 229-81-36 нөмірлі сенім телефонын іске қосты. Бұл арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеруге болады.