Алматы әкімдігінің ғимаратын қайта жаңартуға Үкімет резервінен 7 млрдтан астам қаражат бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды LS.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қаулысының жарияланған жобасына сәйкес, әкімдік ғимаратын қалпына келтіруге 2023 жылы 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлу ұсынылған.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін жергілікті атқарушы орган ИИДМ-ге бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі есепті ұсынуы тиіс, ол өз кезегінде Қаржы министрлігіне есеп береді.
Құжат наурыз айында ашық талқыланып, шешім қабылдану керек еді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімдігі 2022 жылғы қаңтар оқиғасында өртеніп кеткен болатын.
Қала басшысы Ерболат Досаев ғимаратты 2023 жылғы наурызға дейін қалпына келтіреміз деп уәде еткен еді.