Бүгіннен бастап Қазақстанда көлік газының бағасын айқындайтын жаңа бұйрық жарияланды.
Жанармай құю станциясындағы газды жекелеген саудада сатудың жаңа шектік бағасы белгіленді.
- Алматыда газ бағасы литріне 65 теңгеден 75 теңгеге дейін өсті;
- Алматы облысындағы литріне 70 теңгеден 75 теңгеге дейін артты;
- Жамбыл облысында 60 теңгеден 65 теңгеге дейін өсті;
- Шығыс Қазақстан облысында литрі 60 теңгеден 70 теңгеге дейін артты;
- Солтүстік Қазақстан облысында 70 теңгеден 75 теңгеге дейін артты;
- Абай облысында 60 теңгеден 70 теңгеге дейін көтерілді;
Айта кету керек, көлік газының бағасы еліміздің бірқатар аудандары мен ауыл-аймақтарында да артып отыр.