Categories: Қоғам

Алматы облыстық ауруханасынан дәрігерлер жаппай кетіп жатыр

Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасындағы бюджет қаражаты игерілмей қалған. Сәйкесінше, ондағы медициналық қызметтің сапасы да төмендеп, халықтың түрлі шағымы да көбейген.

Клиникалық аурухана қажетті техникамен жабдықталғанымен, көрсетілетін қызмет сапасы жақсармаған. Аурухана қызметіне 39 мың науқас жүгінген болса, оның 25 мыңы тиісті ем ала алмаған.

Бұл фактілерден бөлек, облыстық клиникалық ауруханасындағы білікті мамандар жаппай жұмыстан шығып жатыр. Қызметтен кеткендердің дені жоғары санаттағы, жұмыс өтілі 30 жылға жақындаған дәрігерлер. Ал олардың мұндай әрекетке баруына медициналық көмек сапасының төмендеуі басты себеп болып отыр.

Аурухана басшылығы білікті мамандардан айырылып қана қоймай, кей бөлімшелерді қысқартып тастаған. Мәселен, 1 травматологиялық бөлімше жабылған, перзентхана ғимаратын қиратып, орнына жұқпалы аурулар бөлімшесін салған. Ал терапия және хирургиялық бөлімшелерді бір-бірімен қосып тастаған.

Медициналық мекемедегі жағдаймен танысып, жоғарыда айтылғанның қаншалықты шындық екеніне көз жеткізу үшін біз аурухананың басшылығына бір емес, бірнеше рет хабарластық. Алайда әрекетіміз нәтижесіз болды. Алдағы уақытта осы ауруханаға барып, барлығын көзбен көріп, ондағы жағдайды келесі жарияланымдарда баяндап бермекпіз,

деді Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Серік Орымбетов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

1 день ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

1 день ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

1 день ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

1 день ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

2 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

2 дня ago