Categories: Саясат

Путин жындана бастады

Кремльде таяу күндері төңкеріс болуы керек.

Иран Қырымды Ресейдің бөлігі деп мойындамайды. Мұны Тегерандағы аятоллалар режимі ресми мәлімдеді. Бұл – Путиннің бетіне тиген ауыр шапалақ.

Міне, путиндік Ресейден ең басты геосаяси одақтасы да теріс айналды.

Иран Ресейге сатамын деп уәде берген баллистикалық зымырандарын бермей жатыр. Алдында біраз зымыран жібергенімен, оны ұшыратын қондырғыларды бермей, ол зымырандар енді Ресейдің қоймаларында түкке жарамсыз боп босқа тұр.

Путин жындана бастады.

Не мұнайын әлемдік нарыққа еркін сата алмай қалды, Иран «қару сатам» деп қатырып кетті. Ол аздай, Путиннің Еуропадағы соңғы одақтасы болған Сербияның басшысы Вучич «Қырым деген Украина, Донбасс деген Украина жері» деп дүңк еткізді. «ЧВК Вагнер» қатарына сербиялықтардық қатысуына тыйым салды.

Путиннен Қытай да іргесін аулақ сала бастады. Қытайға Путиннің мына соғысы қызық емес. Қытайдың таяу арада Батыспен қақтығысқа түсетін жоспары жоқ. Есесіне Қытай Ресейдің Благовещенск, Хабаровск, Приморье және Сахалин облыстарына көзін тігуде. Оның жанында Тайвань ойнамай қалады. Сахалинде аса сапалы мұнайдың кеніштері бар.

– Путиннен бәрі теріс айналып жатыр. Венгриядағы Орбан деген әпендеден басқасының бәрі. Меніңше, Кремльде аппараттық төңкеріс болатын түрі бар. Күні кеше чекистер әскерилермен бірігіп алды, ортақ жауымен алысу үшін. Бұлардың ортақ жауы – Пригожин сияқтылардың жекеменшік армиялары мен ұлы державаның түбіне жеткелі жүрген президент Путин. Ендеше жақын арада Мәскеуден зор жаңалықтар жетіп қалуы мүмкін,

дейді тарихшы Дмитрий Чернышевский.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago