Categories: БілімОқиға

Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, биыл 21 ақпанда аса ірі мөлшерде пара алу, пара беру және алаяқтық қылмыстыры бойынша сотқа берілген Алматы облыстық білім саласындағы төрт лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2020 жылдың тамыз және қараша айлары уақыт аралығында басқарма бастығы О. лауазымды тұлға бола тұра, пайдакүнемдік мақсатта әрекет ету үшін алдын ала мемлекеттік функцияларды іске асыруға уәкілетті А.-мен сөз байласып, өздерінің қызметтік уәкілдіктеріне кіретін әрекеттерді пара берушілердің пайдасына іске асырған. Сол арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу шартының сомасының 10 пайызы көлемінде пара алу мақсатында А.- дайындаған М.-мен Н.- ға бағынышты ЖК-мен Алматы облысының білім беру мекемелеріне қашықтықтан оқытуға арналған ноутбуктерді сатып алу туралы осы келісім шартқа қол қойған,

деп атап өтті сот өкілдері.

Осыдан кейін лауазымды тұлғалар өздерінің алаяқтық жолмен бюджетке тиесілі қаражатты жымқыруға бағытталған қылмыстық жоспарларын іске асырып, аталған ноутбуктерге лицензияланбаған «Microsoft Windows» бағдарламасын еш шығынсыз интернет желісінен жүктеу арқылы өздері орнатқан.

Кінәлілердің қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 122 996 086 тенге көлемінде аса ірі залал келтірілген,

делінген сот хабарламасында.

Жасалған қылмыстар үшін заңмен 10-нан 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән жайларды – А. мен Н.-де жас балаларының барын ескерген. ҚР Қылмысиық кодексінің 54-бабына сай қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайға сот О. мен А.-ның кәсіби антын бұзғанын ескерілді.

Сот үкімімен О. мен А. Қылмыстық кодекстің 366-батының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оларға осы баппен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,

делінген хабарламада.

Тағы екі лауазымды тұлға кінәлі деп танылып, осы баптармен оларға түпкілікті мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago