Алматы облысының тұрғындары өңір әкімдігі ғимаратына қатысты пікірін білдірді.
Алматы облысы бөлініп, оның облыс орталығы Қонаев қаласына көшірілгеннен кейін 2022 жылы өңір басшылығы мен мемлекеттік қызметшілер аппараты Орталық алаңның жанындағы қалалық әкімдік ғимаратында уақытша орналастырылды, ал қала әкімдігі шетіндегі коммуналдық ғимараттардың біріне уақытша көшті.
Алайда, қазір қала билігі өзінің бастапқы ғимаратына оралды, ал облыс әкімдігі бұрын казино мен қонақүй болған Алматы-Өскемен тас жолындағы ғимаратқа (нақты мекен-жайы: Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4) көшті.

Казино да, қонақүй де жабылғаннан кейін бірнеше жыл бойы бос болды.
Жаңа мекенжайдағы әкімдікке барып үлгерген өңір тұрғындары ғимарат казиноға емес, мемлекеттік мекемеге ұқсап кеткенін айтып жатыр. Олардың сөзінше, бұл жердің казино болғанын еске түсіретінін люстралар мен фишкалардың бірнеше суреті ғана қалған.