Алматы облысында аяусыз өлтірілген такси жүргізушісінің денесі табылды

Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылының шетінен 37 жерден пышақ жарақаты салынған такси жүргізшісінің мәйіті табылды.

Талғар аудандық полиция басқармасының мәліметінше, жантүршігерлік қылмыс алдын ала ойластырылған және асқан ұқыптылықпен жасалған.

18 желтоқсанда іздеу жұмыстары барысында таңғы сағат 4.00 шамасында канал маңынан жүргізушінің денесі, ал одан 1200 метрдей жерден оның көлігі табылды. Белгілі болғандай, күдікті бір реттік абоненттік нөмір, ұялы телефон пайдалана отырып, алдын ала суық қару мен кісі өлтіруге болатын иесіз жерді таңдап, марқұмның көлігін қалдыратын жерді белгілеп, әбден дайындалған,

делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері қылмыскерді 24 желтоқсан күні Алматыдағы Сейфуллин көшесінде, «Мега» сауда үйінің ғимаратына қарама-қарсы тұста қолға түсірді. Күдікті жеке себептермен кісі өлтіргенін мойындады.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіден кісі өлтіру кезінде қан ізі қалған киімі, сондай-ақ жиналмалы пышақ тәркіленді.

Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago