Қайғылы оқиға 6 қазанда Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Жомарт» саяжай қонысында болған.
Олар газдан уланып, 52 жастағы ер адам мен оның үш ұлы қайтыс болған. балалардың үлкені 13 жаста, екеуі 8 жасар егіздер болған.
6 қазанда күйеуі әйелді таңғы сағат 5-те жұмысқа апарып салып, үйіне оралған. 16:00-де үйге қайтып келген әйел күйеуі мен ұлдарын өлі күйінде тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша олар газдан уланып қалған,
делінген хабарламада.