Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Алматы маңындағы саяжай қалашықтардың бірінде болған көшкін салдары туралы айтты.
Бурабай саяжай қалашығында бұған дейін 25 ақпан мен 26 ақпан аралығында жауған жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын салдарынан топырақ шамадан тыс ылғанданған. Нәтижесінде қорғаныш қоршау – бетон тіреу қабырғасы арқылы Баянауыл көшесі бойындағы екі жеке тұрғын үйге қарай тау баурайынан өздігінен топырақ көшкен. Ол үйлердің бірінің терезесін зақымдап, ішкі бөлмеге кіріп кеткен. Тағы бір үйде соққыдан қабырғаларда жарықтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ,
деді ТЖД өкілдері.
Оқиғаның нақты себебі мен келтірілген шығынды анықтау үшін комиссия құрылды.
Төмен түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метр. Бір үйдің төрт тұрғыны көршілерінде, екінші үйдің бес тұрғыны Алматыда,
делінген хабарламада.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…