Лукашенко ұйғыр халқының жағдайына қатысты пікір білдірді

Көбіне басқа мемлекеттердің ісіне араласу үшін АҚШ пен Батыс елдері адам құқығы үшін күресті қолданады. Қытайға қатысты жағдайда ұйғыр халқына байланысты болып отыр. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz БЕЛТА-ға сілтеме жасап. 

…америкалықтар келіп, ұйғырларға «демократия» орнатып, адам құқықтарына көмектеседі… Мұның бәрі — нонсенс. Тек Қытай өз аумағында барлық халыққа еркін өмір сүру құқығын бере алады,

деді Лукашенко.

Оның айтуынша, бұл халықтардың қалыпты өмір сүруін тек Қытай өз күші мен саясаты арқасында қамтамасыз ете алады.

Америкалықтар бұл арқылы (Қытайға) кіріп, азаматтық соғыс бастағысы келеді. Олар Қытайды әлсіреткісі келеді. Сондықтан олар жеке мемлекеттерді басып, басқара алатын әртүрлі жолдар мен нүктелерді іздейді. Тек мемлекеттер емес, бүкіл өңірлер,

деп түсіндірді Беларусь көшбасшысы.

Лукашенконың айтуынша, әлем өзгерді, бүгінде тіпті АҚШ барлық майданда соғыс жүргізе алмайды.

Сондықтан келісу керек. Барлық жерде келісу керек. Жапония, Корея, Қытай, Ресей, Үндістан, басқа елдердің де өз мүддесі бар. Тіпті дамып келе жатқан Африканың да өз мүддесі бар. Ірі елдер неоколониализм саясатын жүргізудің орнына оны ескеруі керек, Батыс елдері Африкада (жақында Африкада болдым және бұл процестермен жақсы таныспын) жасап жатқаны секілді. Әлем тек осы бағытта дамуы керек,

деді Беларусь президенті.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

9 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago