Жемқорлық

Алматы облысында Есік қаласының әкімі ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Азаматтар жергілікті билікке шағымданған соң Антикор Алматы облысы Есік қаласының әкімін парамен ұстады.

Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деп күдікке ілінді. Күдікті кінәсін толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,  

делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago