Categories: Оқиға

Алматы облысында үш жасөспірім соққыға жыққан ер адамның жағдайы ауыр

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында 3 жасөспірім 49 жастағы ер адамды соққыға жыққан. Қазір зардап шегушінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оқиға 1 апта бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, үш жасөспірім 49 жастағы ер адаммен ерегісіп, кейін оны аяусыз соққының астына алған.

Телеарнаның ақпаратынша, соққы салдарынан түрі танымастай өзгерген ер адам 7 күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқас есін жиғанмен, өздігімен ас іше алмайтынын, оны түтікшемен тамақтандырып отырғанын айтқан.

Бастың, кеуде қуысының жабық жарақаты, мидың соққыға ұшырауы, қабырғаларының сынуы және сол жақ бүйректің зақымдануымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр және бірқалыпты. Жасанды аппаратпен демалады,

деді Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Бекқабұлов.

Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктілер оны соққыға жығып, тастап кеткен. Жақын маңдағылар байқап, жедел жәрдем шақырған. Науқас ауруханаға түскен сәтте болған жайт полицияға хабарланған. Тәртіп сақшылары кейін күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеген.

2006, 2007 және 2008 жылы туған үш күдікті құрықталды. Аталған күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Телерна келтірген деректерге сүйенсек, құзырлы орган өкілдері қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан. Жәбірленуші емін-еркін сөйлей алатындай хәлге келгенде, одан да оқиғаның мән-жайы сұралады.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, күдіктілер кәмелет жасына толмауына байланысты сотқа дейін үйіне жіберілген. Полиция қызметерлері күдікті жасөспірімдер кінәлі деп танылса, жазасын өтейтінін айтты.

Еске салайық, бұдан бұрын үш жасөспірімнің ер адамды бетінің саутамдығын қалдырмай соққыға жыққанын жазған едік.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago