Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Төбелес кезінде оққа ұшқан жасөспірімнің ата-анасы әділдік сұрайды
Қоғам

Төбелес кезінде оққа ұшқан жасөспірімнің ата-анасы әділдік сұрайды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 08.08.2023
Обновлено 08.08.2023 в 11:08
Поделиться
Поделиться

Алматы облысында жаппай төбелес кезінде оққа ұшқан жігіттің жақындары әділдік сұрайды. 17 жастағы Мәрленді 20 жастағы жігіт мылтықпен атып өлтірген. Дегенмен ауыл тұрғындары қылмыс болған күні олардың қару ұстап тайраңдап, ауылды басына көтеріп жүргенін көрген екен. Қапыда ұлдарынан айырылып қалған олар кінәлілер лайықты жазасын алуы үшін соңына дейін күресуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бәйдібек би ауылындағы жаппай төбелестің видеосы желіде тараған. Тұрғындардың сөзінше, мұнда екі мектептің оқушылары төбелескен. Бір мектептен 20 шақты, екінші мектептен 50-ге тарта бала келген. Бірақ арасында 30-дан асқан ересектер де болыпты. Төбелеске қатысқандар бір адам оққа ұшқан соң жан-жаққа қаша жөнелген. 

Оқ жарақатын алған 17 жастағы Мәрлен қансырап қашып, сол маңдағы үйдің алдына келіпті. Есігі құлыптаулы болған соң, есігінен секіріп өтіп, шыңғыра көмек сұраған. 

Мына жерде «Тәте, демала алмай жатырмын, жедел жәрдем шақырыңызшы» деп айқайлап жатыр екен. Содан мен жедел жәрдем шақырдым. Сол кезде көшенің басына шыққанда қасымнан 30 баладай өтті. Бетінде маска, басында бас киім, қолында қаруы, таяғы бар. Біреуі «Біз осы жерді ұстаймыз, біз билейміз осы жерді, біз басқарамыз осы жерді» деп, айқайлап кетіп бара жатты,

дейді ауыл тұрғыны Гүлмира Мұсаева. 

Алайда жедел жәрдем жеткенше жасөспірім жан тапсырған. Мәрлен 9-сыныптан кейін колледжге кетіп, аспаз мамандығына оқыған екен. Демалысында ауылдағы әке-шешесіне көмектесуге келіпті. Айдын-күннің аманында ұлынан айырылған ата-ана қазір зар еңіреп жүр. Баласының денесін күне кеше жер қойынына тапсырыпты.

Істеген адамдар заңды жазасын алсын. 80-70 адам істеп отыр мұны. Тоғыз-ақ адам ұсталған. Оның ішінде екеуі күдікті дейді. Басқа адамдардың бәрі жазалансын. Баяғыдан келе жатқан нәрсе, бұл – екі жақтың соғысы. Бәрі жылы жабылып қалып жатыр. Менің баламның өлімі жылы жабылып қалмасын деп мен баратын жердің бәріне барамын,  

дейді марқұмның анасы Эльнора Айдарова.

Мәрленнің үйіне күдікке ілінген жасөспірімдердің әке-шешесі кеше келіпті. Бірақ жиынның соңы тағы да жанжалға ұласып кеткен.

Мәрлен үйде болған. Бізге учаскелік полицей оның Алматыдан келгені туралы өтірік ақпарат жазып отыр. Ол үйде жатқан. Мәрленнің телефоны болмаған. Інісіне “келсін” деп хабарласқан. Сосын аяқ асты сағат бірдің шамасында шығып кеткен. Сондағысы жарты сағаттың ішінде хабар келіп тұр,

деді әпкесі Аяулым Айдарбекқызы. 

Ауыл тұрғындары жаппай төбелеске бірнеше себеп келтіріп отыр. Бірі өз араларындағы кикілжің десе, өзгелері бір-бірін күш арқылы басқарғысы келген дейді. Не де болса нақты себебін тәртіп сақшылары анықтайды. Әзірге адам өлтірді деген күдікке біреуі ілініпті. Сегізіне “Бұзақылық” бабымен іс қозғалған.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 9-тармағы, 2-бөлігі, 14 тармағы және 293-бабы, 3-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру шарасында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар 20-дан астам баланы анықтап жеткізді. Оның тоғызы аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр,

деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Ал қару сол ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі екен. Заңға сәйкес Мәрленді өлтірген күдікті кемі 15 жылға дейін, ал қалған сегізі 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дегенмен тергеу әлі жалғасып жатыр.

Анара Бауыржанқызы 08.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?