Алматы облысында алты ауылдық округ пен ауыл атауын өзгертілмек.
Аймақ әкімдігі мен мәслихатының тиісті қаулы жобасы ашық НҚА сайтында жарияланған.
Әкімдік пен мәслихат келесі қайта атау нұсқаларын ұсынады:
- Іле ауданының Энергетический ауылдық округі — Өтеген батыр ауылдық округі болып қайта аталсын;
- Іле ауданының Чапаев ауылдық округі және Чапаев ауылы — Байкент ауылдық округіне және Байкент ауылына;
- Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы — Ақсай ауылдық округіне және Ақсай ауылына;
- Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы — Кенен Әзірбаев ауылы;
- Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы — Жайнақ ауылына;
- Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы — Жібек Жолы ауылына.
Қайта атау жобасы 11 тамызға дейін талқыланады. Бұған дейін Алматы облысында Қапшағай қаласы Қонаев болып қайта аталды. Сонымен қатар, Ұлытау, Жетісу және Абай сияқты жаңа облыстар пайда болды.