Categories: Қоғам

Алматы облысының тұрғындарына газ қымбатқа сатылып келген

Алматы облысында Шамалған, Жандосов, Шалқар, Еңбекші, Үштерек, Құмарал, Тұрар МТФ және Арай, Аянат, Дархан, Баркөл бау-бақша қоғамдарының тұрғындарына газ қымбатқа сатылып келген.

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті.

Жыл басынан бері жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсететін «Сигма-ГАЗ» ЖШС-гі» халық үшін тауарлық газдың салыстырмалы түрде жоғары тарифіне наразылық білдірген. Осыған байланысты, аудан прокуратурасы тауарлық газды өткізу бойынша қалыптасқан тарифке талдау жүргізді, нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны анықталды. Оған Алматы облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті 2021 жылдың 12 қарашасында жол берген,

делінген хабараламада.

Қадағалау органы департамент басшының тауарлық газды өткізу тарифін табиғи газдың 1 текше метріне 37,5 теңге және тарифті ұлғайту дерегі бойынша баға сараптамасын жүргізу бұйрығының күшін жою туралы қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде департаменттің 10 наурыздағы №78-НҚ бұйрығымен «Сигма-ГАЗ» ЖШС-нің тарифі бекітілді.

Осы жылдың 1 сәуірінен бастап жоғарыда аталған елді мекендер үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) ескере отырып тариф бағасы бір текше метр газ үшін 28,95 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша Алматы облысының прокуратурасы 9 918 тұтынушының құқығын қорғап, қалпына келтірді. «Сигма-ГАЗ» ЖШС газбен жабдықтау ұйымы 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago