Categories: Экономика

«Барлығымызға тиімді»: Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын ерте аяқтауды көздеп отыр

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов сенат кулуарында “7-20-25” жеңілдетілген ипотека бағдарламасын ертерек аяқтау көзделіп отырғанын айтты. 

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, бағдарлама 2018 жылдың жазында басталған. Бастапқыда бұл үшін 1 триллион теңге бөлінген. 

Бағдарламаны биыл аяқтау жоспарланған. Қазір жыл сайын 100 миллиард теңге бөлінеді. Макроэкономикалық тұрақтылық және инфляцияны ұстап тұру үшін бағдарламаның неғұрлым ерте аяқталуы барлығымызға тиімді,

деді Пірматов.

Бұл бағдарламаға сәйкес ипотека 25 жылға дейін 7%-бен беріледі. Ал алғашқы жарнасы 20%-дан басталады. 

Еске салайық, бұған дейін мемлекеи басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен “7-20-25” бағдарламасының мерзімі 2029 жылға дейін ұзартылған еді. Дегенмен жыл сайын тек 100 миллиард теңге бөлінеді. Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралған. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

19 минут ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago