Алматыда Абая мен Шарипов көшесі қиылысында орналасқан, нақтырақ айтқанда Абай, 89 мекенжайында төрт қабатты тұрғын үй өртенді.
Тұрғын ұйге жақын орналасқан мекемедегі адамдар түтіннің иісін сезіп, жануды көрген соң дереу өрт сөндірушілерді шақырған.
Алғашында 3-қабаттағы пәтердің терезесінен шыққан түтін аса қауіпті болып көрінбеді. ТЖ қызметкерлері оқиға орнына тез келіп, жұмысына кірісті. Олар тұрғын үй ішіндегі тұрғындарды эвуакациялады.
Департамент өртті барлау және сөндіру барысында әйел құтқару қалпақшасының көмегімен құтқарылғанын нақтылады.

Алайда сол уақыт аралығында өрт түтіні күшейіп, тарай бастады. Өрттің эпицентрі үйдің ауласында орналасқан мейрамхананың кеңейтілімінде екені анықталды. Ашық от дәл сол жерде болды.
Өрт сөндірушілер апаттың қауіпті әрі ірі екенін байқаған соң дереу қосымша ТЖ қызметкерлерін шақырды.
Оқиға орнына медицина қызметкерлері, полиция өкілдері де келді. Полиция сақтық шарасы үшін тұрғындардан өрт орнынан алыс тұруды сұрады.
Өрт сөндірушілер сағат 15.58-де ғана өртті толық оқшаулай алды.
Зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.

