Алматы полициясы кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тілі туралы айтқанын тексеріп жатыр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев хабарлады.
Қазір білуімше, Алматы полиция департаменті тексеріп жатыр. Арнайы сараптама да тағайындалған. Соның нәтижесінде баға беріледі.
деді Әсет Шыңдалиев.
Бұған дейін мәжілістің бір топ депутаты бас прокурор Берік Асыловқа мәлімдеме жолдап, Мухоряповтың сөзін тексеруге үндеген. Депутаттар бас прокурор «алауыздық тудыру» (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) бабына сәйкес «тиісті шара қолдануы тиіс» деп санайды.
Алматы полициясының баспасөз қызметі әзірге жауап бермеді