Алматы студенттері хостелдер мен қонақүйлерге жайғасты

Алматыда 7 мыңнан астам студент тұратын орынмен қамтамасыз етілді. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев осындай мәлімдеме жасады.

Кейбір жоғарғы оқу орындары өз студенттері үшін жекеменшік жатақханалар мен хостелдерді жалға алды, ал кейбір институттар өз балансындағы ғимараттарды студенттер баспанасына айналдырды.

Біз қала әкімдігімен бірлесе студенттер үшін хостел, қонақүйлердің иелерімен келісім жасастық. Соның нәтижесінде қазір 7 мыңнан астам студентке орын табылып, сонда орналасып жатыр,

деді Қуаныш Ерғалиев.

Мәселен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттерді Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің, Еуразиялық технология университетінің жатақханаларына қосымша орналастырды. Сондай-ақ, университет өз студенттері үшін жекеменшік жатақханалар мен хостелдерден жатын орын жалдады.

Satbayev University, Халықаралық білім беру корпорациясы, «Тұран» университеті және басқа да жоғары оқу орындары жоғары курс студенттері үшін қосымша баспаналарды, оның ішінде жергілікті кәсіпкерлерден жатақханалар мен хостелдерді жалға алды.

Абай атындағы ҚазҰПУ бүгінде 4 хостелмен кездесіп, мыңнан астам студенттің тұруына мүмкіндік жасады.

Ол сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында соңғы үш жылда жатақханалардың қарқынды түрде салынып жатқанын атап өтті.

Өткен жылы Қазақстанда шамамен 49 жатақхана салынды. Биыл 40-қа жуық жатақхана салынады деп жоспарланды. Бұл, студенттер үшін қосымша 10 мыңнан астам төсек-орын болады деген сөз,

деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Қазақстан бойынша студенттердің 30% Алматыда оқиды. Яғни, 35 жоғары оқу орны бар Алматы қаласында 180 мың студент оқиды.

.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago