Фото: globalnews.kz
Таудағы көне Жапон жолының тарихын білесіз бе?
Қазіргі тау серпантин жолы — 1939-1956 жылдар аралығында жапон әскери тұтқындары Алма-Арасан шатқалында салған бұралаң тау жолы. ГЭС-1 құрылысы кезінде салынған жұмыс жолының қалдықтары. Туннельдер таулар арқылы тесіп өткен.
Үлкен Алматы көлінен тартылған ондаған шақырымдық құбыр құрылысы жапон тұтқындарының еңбегімен салынғанын қазірде біреу білсе, біреу білмейді.
Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы қыркүйектің 2-інде Жапонияның капитуляция туралы актіге қол қоюымен аяқталды. 1945 жылы тамызда СССР Жапонияға қарсы соғыс жариялаған еді. Совет одағына жарты миллионға жуық жапон әскери тұтқындары этаппен жөнелтілді, олардың бір бөлігі Қазақстанға жіберілген. Алматыда жапон әскери тұтқындары 40-лагерьде қамауда ұсталған.
Советтік Қазақстан астанасы Алматыда екі жылдай уақыт қамауда болған кезде жапон тұтқындары өнеркәсіп нысандарын, тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды салуға қатысты. Алматыда жүзден аса жапон әскери тұтқындарының сүйегі жерленген зират әлі бар.
Осы жол «жапондыкі» деген сөз ел аузында қалып қойған. Тіпті жол бойындағы белгілерде де осылай жазылған.
Бұл тарихи жолға қалай баруға болады?
Алматы қаласынан Әл-Фараби-Науаи көшелерінің қиылысынан № 28 автобусқа отыру керек. Аталған автобустың соңғы аялдамасынан («Бұғы» ескерткіші) Үлкен Алматы көліне апаратын жолдан сол жаққа, Көкшоқы ауылына қарай көтерілесіз. Гидроэлектростанцияға жеткенде, оны оң жағынан айналып өтіп, ұзындығы 1200 метр болатын құбыр бойымен баспалдаққа көтерілесіз. Бұл көне жапондық жолдың бастауы.
Бүгінгі таңда баспалдақтар ескіріп, әбден тозығы жеткен. Темірлерді тот басып, жартысынан көбі үзіліп кеткен. Соған қарамастан, таудағы жапон жолымен серуендеуді ұнататындар көп.
Ең қиыны — баспалдақтың бірінші бөлігі. Екінші жартысын өткен кезде алдыңыздан мұнара мен тозған ғимарат шығады. Деміңізді басып, тынығып алыңыз. Әрі қарай жол тегіс, жан-жағыңызда күздің қызыл-сары бояулары. Таудың таза ауасы. Күннің көзі кетпей, төменде орналасқан визит орталығына жеткен дұрыс. Себебі төмендеген сайын күннің көзі де тау жоталарына тығылып, салқындай түседі. Демалыс орнына жеткенде ыстық шәй ішіп, жылынып, кері қарай қоғамдық көлікпен қалаға жете аласыз.
Ал біздің оқырмандар клубының мүшелері осы жолы жаңа бағытты бағындырды. Мұнараның сол жағы орман, ортасында кішкентай жол бар. Алайда, ол жол қайда апаратынын білмедік. Адамдардың қарасы да көрінбеді. Дәл сол сәтте алдымыздан жас турист кездесіп қалды. Түсіндіріп, жол көрсетті. Нар-тәуекел деп алға тарттық. Жол сұмдық қиын екен. Құламалы еңселі жолды бағындырамыз деп, тізе мен аяқтың саусақтары қатты ауырды. Ақыры, күннің батысымен біз де төменге түсіп үлгердік.
Бұл жолы саяхатымыз таңғы тоғызда басталып, кешкі алтылар шамасында аяқталды. Асықпадық. Күздің салқын ауасын терең жұтып, миымызды тынықтырып қайттық.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…