Руханият

Қазақ даналығы байлықты дәріптемеген

Адам байлық жасауға ұмтылғанмен, ол біреуге бітеді, біреуге бітпейді.

Себептері әрқилы. Бірақ жалқаулық емес.

  1. Мысалы, ертедегі билер мен жыраулар, ақын-жыршылардың біразы кедей отбасынан шықты. Қанша тыраштанса да өздері мыңыраған мал жасай алмады. Өйткені

шығармашылық қабілеті дамыған адамның көкейінде өзін дамыту тұрады. Шығармашылық үшін адамға көп оқу, білу керек. Сондықтан жүріп тұрады, ел аралайды, ол кезде оқу болмады. Өз тәжірибесінен, көрген-білгенінен, естігенінен тоқып, біліп отырды, солай ішкі дүниесін толтырды, дамыды.

Отбасың үлкен жеткізбейді немесе артылмайды. Енді артық мал жиналғанда жұт болды, балаларың өсті, олардың қуанышына жұмсадың, т.б.

Сондықтан балаларды байлық қууға емес, адами құндылықтармен тәрбиеледі қазақ.

Адамгершілігі мол адамдар бір-бірін қиындықта тастап кетпейді, мейлі танысын, мейлі танымасын.

Қонақжайлық та сол тәрбие. Ертең сен де жолға шығасың. Жолаушысың, біреулер үйіне кіргізбей далада қонуың мүмкін. Ал қоғамдық санада қонақжайлық жатса, ешкім далада қалмайды.

2. Байлықпен ғана адамды бағаласаң, байлықты дәріптесең, насихаттасаң, адамдар соған ұмтылады. Ұрлық, қарақшылық, озбырлық, алаяқтық т.б. жолмен баюға арланбайды. Ондай адам керек пе қоғамға?

3. Байлық салыстырмалы. Бүгін көршіңе жетсең, ертең әкімге жеткің келеді. Қазақ айтады:» Кедей бай болсам, бай құдай болсам дейді.» Сөздің астарына мән берсек, дәл солай. Бұл жақсы қасиет емес. Байлықты ақылмен, санамен ұстай білсе, ол құт; еліңе де пайдаң тиеді, елдің есінде қаласың. Ал саналы адам көп пе? Өзім таптым, өз игілігіме жұмсаймын дейді санасыз адам, бұл билікке ұмтылу, автократияға апарады. Осындай жұт байлық керек пе біздің қазаққа?

4. Қанағат қарын тойдырады, қанағатсыз жалғыз атын сойдырады. Барымен базар. Же, шапаным, же! Білімді мыңды, білікті бірді жығады. Осы сөздердің астары жоғарыдағы үш түсінікті қорытындылайды.

Жұлдызай Көшімбекқызы

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

10 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago