Categories: Оқиға

Алматы тауында жоғалған аустралиялық турист өлі табылды

1995 жылы туған Аустралия азаматы 21 мамырда Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен. Instagram-да оның көлдің маңында түскен суреті бар. Содан бері оны ешкім көрмеген. Бұл туралы полиция департаментіне ер адаммен бірге келген Ресей азаматы хабарлаған.

Аустралиялық азаматты соңғы рет әріптестері көрген. Жоғалған ер адамның дос қызының айтуынша, жоғалған адам екеуі туристік сапармен Алматыға 20 мамырда кешке келген. 22 мамырда таңғы 7-де туристер қайта ұшып кетуі керек болған. Қыз әуежайға жалғыз келген, сол жерде ер адамды кездестіремін деп ойлаған. Алайда аустралиялық азамат сол күйі оралмаған.

Полицияның мәліметінше ер адамды соңғы рет 21 мамырда БАО аймағында көрген. Ер адам космостанциясына қарай бет алған. Аталған аумақты ескере отырып, тікұшақ бригадалары мен республикалық жедел-құтқару жасағының күштері тартылды. Еріктілердің ресурстары барынша пайдаланылды.

Үлкен Алматы шатқалын аралауға кеткен кезде ауа райы қолайсыз болған. Сол себепті іздестіру жұмыстары да қиындық тудырды.

Лидер жоғалған адамдарды іздестіру қоры бүгін туристің қаза болғанын мәлімдеді. ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі мәліметінше, жоғалған ер адамның денесі Аюсай шатқалындағы алғашқы сарқырама маңынан табылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында БАО-дан алыс емес Аю-Сай шатқалында зорлық-зомбылық белгілерінсіз қайтыс болған 1995 жылы туған Herd Jake Michael-дың денесі табылды. Жеке заттары өзімен бірге болды. Кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды,

деп хабарлады Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

19 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

19 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

20 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago