Categories: Саясат

Қытайдан қорықпауымыз керек пе?

Белгілі қытайтанушы Әділ Кәукенов «қоршалған бекіністегі өмір» туралы ойлардың қаншалықты қауіпті екенін және аймақтық ынтымақтастықты дамытудың қаншалықты пайдалы екенін түсіндірді.

Кәукенов өзінің телеграм-арнасында Қытайдан неге қорықпау керек деген сұраққа жауап берді.

Әлемдік дағдарыстар және аймақтық ынтымақтастық

«Соңғы жылдардағы оқиғалар –  шектеулерге толы пандемия, енді қарқын алып келе жатқан америка-қытай бәсекелестігі, санкциялар соғысы, Шығыс Еуропа дағдарысы – осының бәрі ғалымдардың бұрыннан айтып келе жатқан аймақтандыру процестері енді қарқын алып келеді деген ойға жетелейді.

Бұл түсінікті: көршілік принципі – бұл аймақты дамыта алатын жалғыз құрал. Бұл ретте Қытаймен қарым-қатынас бүкіл Орталық Азияны дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Тек осы тұрғыда ғана Орталық Азияның әлемдік экономиканың өсуінің екі драйвері – Азия мен Еуропа арасындағы ең ірі құрлық көпірі ретіндегі артықшылықтарын іске асыруға болады.

Сондықтан «Орталық Азия – Қытай»  саммиті әлемдік БАҚ-тың қызығушылығын тудырғаны таңқаларлық емес. Оның нәтижелері саммиттің босқа өтпегенін көрсетті: көптеген құжаттарға қол қойылды, инфрақұрылымдық және технологиялық жаңа жобалар басталды.

Стереотиптерден биік болу керек

Қытай ОА-мен көршілес болу көптеген мүмкіндіктер ашатынын жақсы түсінеді. Сонымен қатар, Орталық Азия үшін де Қытай – орасан зор қытай нарығына да, бүкіл Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияға да апарар үлкен жол. Және экспансия туралы алаңдаушылық жайлы айтқанда, заманауи әлемнің талабын түсінген жөн: стереотиптерден жоғары болу керек.

Бейбіт дамудың баламалары жоқ, және Орталық Азия елдері саяси және жоғары экономикалық деңгейде мұны түсінеді, сондықтан бүкіл Еуразия континентінің экономикалық құрылымын өзгертетін жобалар туралы көптеген меморандумдар мен келісімдерге қол қоюда. Бір кездері теміржол жолдарына қатысты алаңдаушылықтар болған. Бірақ бүгін, мысал ретінде Қазақстанды алатын болсақ, Қытайдың Иу қаласынан Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға пойыздар қатынайтынын көріп отырмыз.

Біз қоршауда емеспіз

Мұндай жобалар ақша, валюта ағынын әкелді, жаңа жұмыс орындарын құрды және аталмыш қадамдар қоршалған бекініс туралы ойларға қарағанда әлдеқайда жақсы. Сонымен қатар, «Қытай – Орталық Азия» форматының өзі өңірдегі сенімнің жаңа кезеңін көрсетеді, өйткені елдер өзара іс-қимылды үйлестіре отырып, ҚХР-мен екіжақты емес, көпжақты форматта байланысады. Бұл көрші елдердің не істеп жүргеніне, қандай жобаларды жүзеге асырып жатқанына және олардың бастамалары басқа мемлекеттердің мүдделеріне әсер етпейтініне байланысты аймақтағы алаңдаушылықты жояды. Яғни, біз көріп отырғандай: үлкен аймақтық жобаларды бірлескен жұмыс арқылы жасауға болады және олардың пайдасы да көбірек болары анық».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago