Фото: Аlmaty-marathon.kz
25 қыркүйекте Алматыда жыл сайынғы «Алматы марафоны» өтеді. Жарыс өтетін күні қаладағы кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі.
Бұл туралы Zakon.kz жазды.
24 қыркүйек күнгі сағ. 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.
Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өту шамасына қарай жолдар ашылып отырады. Марафонның сөресі мен мәресі Республика алаңында болады, сондықтан 24 қыркүйек күнгі сағ. 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде екі қозғалыс жолағы да жабылады,
деп хабарлады «Алматы марафоны» баспасөз қызметі.
25 қыркүйекте мына жолдарда қозғалыс шектеледі:
Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті Республика алаңына автокөлікпен жету бағытын ұсынды:
1. Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;
2. Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін;
3. Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;
4. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы Тауға дейін көлікпен жетіп, Алаңға дейін жаяу бару;
5. Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін;
6. Шевченко және Құрманғазы көшелерінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін;
7. Метромен «Абай» станциясына дейін.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…