Көршіңнен лаң шықса, өзіңнен маза кетеді – Нұрлан Албан

Кешегі Ресейде жарияланған ішінара мобилизация қазақтың берекесін алды. Саясаткерлер мен қоғам белсенділерінен бөлек, шоу бизнес жұлдыздары да шекараны жабу керек деген үндеулерін видеоға жазып, билікке жеткізуге тырысып жатыр. Барлығын алаңдататын бір сұрақ «Болашағымыз не болады?»

Депутаттар жауап берді. Олардың айтуынша Қазақстан Кедендік одақтың мүшесі. Сол себепті шекараны жаба алмайды. Енді болашағына алаңдаулы қазақтар бір-бірінен қалыспай, тез арада бір шара қабылдаңыздар деп үкіметке үміт артып отыр. Нұрлан Албан өзінің инстаграм парақшасында осындай пікірді жариялады.

«Көршіңнен лаң шықса, өзіңнен маза кетеді», деп бастады:

Мұндағы айтпағым не? Кешегі Ресейде жарияланған мобилизация жайында. Мен сардарлы саясаткер емеспін. Бірақ та, мимен ұғып, жүрекпен сезгеннен кейін әлеуметтік желілерден алған ақпараттар бойынша мазамның кетіп отырғаны анық. Мұның соңы не болады?

Дереккөздерге сүйенсек, осының алдында ғана Ресей азаматтарының біздің Қазақ жеріне келген саны жарты миллионға жуықтаған. Ал мобилизациядан кейін Ресей азаматтарының Қазақстанға үдере көшетіні сөзсіз.

Онсыз да қымбатшылық қысып жатқанда әзер жүрген кейбір қазақ отбасылары,  одан қала берді орта қолды өмір сүріп жатқан 90 пайыз қазақтардың күні не болады? Балаларымыздың болашағы не болады?

Бұған тез арада бір шара қолдану керек деп ойлаймын. Мұны мен емес шешетін… Жоғарыда Үкімет басында отырған ат үстіндегі азаматтар! Министрлер кабинеті! Депутаттар! Тез арада бір мәмлеге келеді деген сенімдемін. Өйткені, біздің елге тыныштық керек! Ұйып отырған тыныштығымызды Алла көп көрмесін деп тілейміз… Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Мен балаларымның болашағына, өзіміздің еліміздің болашағына алаңдаулымын,

дейді Нұрлан Албан.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

22 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

22 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

23 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago