Алматыда 25 қыркүйекте жол қозғалысы шектеледі

25 қыркүйекте Алматыда жыл сайынғы «Алматы марафоны» өтеді. Жарыс өтетін күні қаладағы кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Бұл туралы Zakon.kz жазды.

24 қыркүйек күнгі сағ. 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өту шамасына қарай жолдар ашылып отырады. Марафонның сөресі мен мәресі Республика алаңында болады, сондықтан 24 қыркүйек күнгі сағ. 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде екі қозғалыс жолағы да жабылады,

деп хабарлады «Алматы марафоны» баспасөз қызметі.

25 қыркүйекте мына жолдарда қозғалыс шектеледі:

  • Назарбаев даңғылында Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 10:40-қа дейін қозғалыс толық жабылады.
  • Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі жол бөлігінде шара өтетін күні сағ. 7:00-ден 8:45-ке дейін қозғалыс толық жабылады.
  • Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 11:10-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
  • Әл-Фараби даңғылында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
  • Саин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің батыс жағы ашық болады.
  • Абай даңғылында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 13:00-ге дейін қозғалыс ішінара жабылады, даңғылдың солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
  • Байтұрсынов көшесінде Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 14:00-ге дейін қозғалыс толық жабылады.
  • Сәтбаев көшесінде Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.
  • Сәтбаев көшесінде Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс толық жабылады.
  • Байзақов көшесінде Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.
  • Тимирязев көшесінде Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.
  • Шашкин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті Республика алаңына автокөлікпен жету бағытын ұсынды:

1.       Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;

2.       Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін;

3.       Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;

4.       Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы Тауға дейін көлікпен жетіп, Алаңға дейін жаяу бару;

5.       Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін;

6.       Шевченко және Құрманғазы көшелерінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін;

7.       Метромен «Абай» станциясына дейін.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

21 час ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

5 дней ago